Пайдалануға ендіру
Аккумулятор қақпағының (2) ысырмасын босатып аккумулятор қақпағын (3) қайырыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (14) (4) жарық басына бекітілгенін және жарық басына (4) тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Аккумулятор қақпағын (3) жабып сосын аккумулятор қақпағының (2) ысырмасын жабыңыз.
- Аккумулятор қақпағын жапқан кезде резеңке шеті дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе шаң мен шашыраған судан қорғау қамтамасыз етілмейді.
- Шығарған кезде батарея бөлімінің (12) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
- Түймелі элементтің плюс полюсі жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Түймелі элемент (11) толығымен істен шыққанша, қолданбада ескерту көрсетіледі.
Түймелі элементті (11) алмастыру үшін аккумулятор қақпағының бекіткішін (2) босатып, аккумулятор қақпағын (3) ашыңыз.
Батарея бөлімі қақпағының бұрандасын (9) босатып, батарея бөлімінің қақпағын (10) шығарыңыз.
Заряды таусылған түймелі элементті шығарып, жаңасын салыңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын бұрандамен қайтадан жабыңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік үшін зарядталу күйін тек аккумуляторлық шам өшірулі кезде ғана тексеруге болады.
Зарядталу күйін көрсету үшін заряд деңгейі индикаторының
немесе
түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...

Жарық диодтары | Қуаты |
|---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 60−100 % |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 30−60 % |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5−30 % |
Жыпылықтау 1× жасыл | 0−5 % |
Аккумулятор түрі ProCORE18V...

Жарық диодтары | Қуаты |
|---|---|
Үздіксіз жарық 5× жасыл | 80−100 % |
Үздіксіз жарық 4× жасыл | 60−80 % |
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 40−60 % |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 20−40 % |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5−20 % |
Жыпылықтау 1× жасыл | 0−5 % |