Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін, сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді. Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек. Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Ластанған ортада тұрған М класындағы сорғыштардың сыртқы жағы және барлық машина бөлшектері тазалануы керек. Егер сорғыш денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтарда қолданылса, оны қауіпті аймақтан шығармас бұрын оның сыртын шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын барлық бөлшектерді алып тастау керек. Бұл бөлшектерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.

Контейнерді (12) стандартты ысқаланбайтын тазалау құралымен тазалап кептіріңіз.

Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.

Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.

  • Құлыптарды (13) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (15) алып тастаңыз.
  • Басты сүзгіні (32) саптамасынан ұстаңыз (пластиналарынан емес). Оны айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз және шығарыңыз (M суретін қараңыз).
  • Сүзгіні құрғату:
    Басты сүзгіні (32) жарамды қоқыс контейнеріне қағып алыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
    Максималды сору күшіне қол жеткізу үшін басты сүзгі пластиналарын жұмысақ шүберекпен тазалап шығыңыз.
    немесе
    Дымқыл сүзгі:
    Басты сүзгіні (32) ағынды су астында шайып, жақсылап құрғатыңыз.
    немесе
    Зақымдалған басты сүзгіні (32) ауыстырыңыз.
  • Басты сүзгіні (32) қалқымалы себетке (34) қойып, оны айналу бағытымен сүзгі ұстағышына (35) тірелгенше бұраңыз (B суретін қараңыз).
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (15) қайта орнатып, құлыптарды (13) жауып қойыңыз.
    Құлыптардың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Тек EN 12529 стандартына сәйкес келетін жылжымалы роликтерді қолданыңыз (диаметрі 11 мм бекіткіш сұққыш).

  • Сорғышты пайдаланбас бұрын ролик тежегіштерінің жұмыс істеу қабілетін тексеріп шығыңыз.

Сорғышты жылжытқыңыз келмесе, тежегіштерді пайдаланыңыз.

Ақаулы сорғыш шлангіні (20) қысқартып, пайдалануды жалғастыруға болады.

  • Шлангіні тексеру кезінде қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.

Сорғыш шлангіні сорғыш бүйірінде жөндеңіз (OP суреттерін қараңыз):

  • Бұрауыш арқылы тоқтатқыш тетікті ішке басу арқылы бөгеткіш сақинаны (49) шланг келтеқұбырынан (47) босатыңыз.
  • Бөгеткіш сақинаны (49) ақаулы аймақтың артына тартыңыз ➊.
  • Тығыздауыш муфтаны (48) бұрап шығарыңыз ➋.
  • Ақаулы аймақтың артындағы сорғыш шлангіні (20) кесіңіз (P суретін қараңыз).
  • Тығыздауыш муфтаны (48) қайта бұраңыз ➌.
  • Сорғыш шланг ұшын шланг келтеқұбырына (47) салыңыз ➍.
  • Бөгеткіш сақинаны (49) шланг келтеқұбырына (47) сырт еткен дыбыспен тірелгенше салыңыз ➎.

Сорғыш шлангіні электр құралы/саптама жағынан жөндеңіз (Q суретін қараңыз):

  • Тығыздауыш муфтаны (50) бұрап шығарыңыз ➊.
  • Ақаулы аймақ артындағы сорғыш шлангіні (20) кесіңіз ➋.
  • Тығыздауыш муфтаны (50) қайта бұраңыз ➌.

Пакет ұстағышының (33) саңылаулары (43) зақымдалған жағдайда, пакет ұстағышын нарықта бар 11 мм ұзындықты Phillips P4 бұрандаларымен сорғыштың жоғарғы бөлігіне бұрауға болады. Пакет ұстағышы (33) серіппемен (51) жанасқан болса, электрстатикалық разряд өткізгіштігі сақталады.