Пайдаланушы интерфейсі (C суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (7) электр құралының айналу жиілігін және жұмыс режимін алдын ала таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Күй көрсеткіштері
Электр құралының күй индикаторы (11)  | Мағынасы/себебі  | Шешімі  | 
|---|---|---|
Жасыл  | OK күйі  | –  | 
Сары  | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік  | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау  | 
Қызыл түспен жанып тұр  | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған  | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау  | 
Көк түспен жыпылықтайды  | Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде  | –  |