Артық жүктемеден жылу қорғанышы

Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасынан асырған жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп қалады.

Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс электр құралында жарық диодының  қызыл түспен жануы арқылы көрсетіледі. Жарық диоды  өшсе, бұл аккумулятордың рұқсат етілген температура диапазонына жеткенін білдіреді.