Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі (3) келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  • сорғының күйін көрсету
  • таймер функциясын басқару
  • Eco режимін қосу/өшіру

Сорғы өшірулі болған кезде, пайдаланушы интерфейсін (3) іске қосуға болады. Ол үшін таймер түймесін (6) немесе Eco режимінің түймесін (11) басыңыз. Бұл ретте айдап қотару процесі басталмайды. Енді пайдаланушы интерфейсінде реттеулерді өзгертуге болады.

Түймені соңғы рет басқаннан немесе сорғыны өшіргеннен кейін 30 секунд өткенде, пайдаланушы интерфейсі (3) өшіріледі, реттеулер (мысалы, Eco режимі) сақталады.

Түймені соңғы рет басқаннан немесе сорғыны өшіргеннен кейін 5 минут өткенде, сақталған реттеулер жойылады. Аккумулятор шығарылған жағдайда, барлық реттеулер бірден жойылады.

Күй панелі (9)

Аккумулятор заряды таусылған индикаторы (10)

Мағынасы

жасыл

Сорғы қосылған, аккумулятор сыйымдылығы > 20 %

сарғылт

сарғылт

Аккумулятор заряды төмен (1−20 % сыйымдылық)

Сарғылт

Аккумулятор немесе сорғы қызып кетті

қызыл

қызыл

Аккумулятор заряды таусылған (0−1 % сыйымдылық), сорғы қысқа уақытта өшіп қалады

қызыл

Аккумулятор немесе сорғы қатты қызып кетті; жұмыс дөңгелегі бұғатталған; қозғалтқыш немесе аккумулятор ақаулы

Таймер функциясының көмегімен сорғыны автоматты түрде өшіруге болады.

Таймер түймесін (6), таймер индикаторында (7) қажетті қалған уақыт (минутпен) жанғанша басыңыз. Айдап қотару процесі басталса, таймер индикаторы (7) жыпылықтап, қалған уақыт көрсетіледі.

Таймер функциясының жұмысын мерзімінен бұрын аяқтау үшін таймер түймесін (6), таймер индикаторында (7) ешқандай өріс жанбай қалғанша басыңыз.

Аккумулятордың жұмыс уақытын ұзарту үшін сорғының қуаты мен айдап қотару мөлшерін азайтуға болады. Ол үшін Eco режимінің түймесін (11), Eco режимінің индикаторы (8) жанатындай басыңыз.

Eco режимін аяқтау үшін Eco режимінің түймесін (11), Eco режимінің индикаторы (8) сөнетіндей қайта басыңыз.