Қолданысқа енгізу
Сорғыны орнату/ілу (B−C суреттерін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсін (3) жоғары қаратып орнатқан жағдайда (B суретінде көрсетілгендей), сорғы барлық жағынан шашыранды судан қорғалған (IP54).
Сорғыны қажетінше ілгектің (13) көмегімен ілуге болады, бірақ бұл жағдайда осы қорғанысқа кепіл берілмейді.
Сорғыны мүмкіндігінше келесідей орналастырыңыз: сорғы, су алу орны мен ағызу шлангісінің ең жоғары нүктесінің арасында биіктік айырмашылығы барынша аз болуы керек. H биіктік айырмашылығы қаншалықты үлкен болса, ықтимал Q айдап қотару мөлшері соншалықты аз болады (C суретіндегі белгі сызықты қараңыз).
Қосу/өшіру
Сорғыш шлангінің саңылауы су ішінде еркін орналасқанына көз жеткізіңіз: шланг су резервуарының түбіне немесе жиегіне жабысып қалса, су берілуі бұғатталады.
Сорғыны қосу және айдап қотару процесін бастау үшін қосу/өшіру түймесін (4) басыңыз.
Айдап қотару процесін аяқтау және сорғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (4) қайта басыңыз.
Нұсқау: ыстық суды айдап қотарғаннан кейін сорғыны қайта қоспас бұрын кемінде 10 минут ішінде суытыңыз.