Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Жұмыс дөңгелегін алмастыру (D суретін қараңыз)

Жұмысты бастамас бұрын жұмыс дөңгелегін (20) сорғы корпусының қақпағындағы (15) көру әйнегі арқылы тексеріңіз. Жұмыс дөңгелегінде жарықшақтар немесе балқып кеткен беттер көрінсе, бұл оның тозғанын және оны алмастыру қажеттігін білдіреді:

  • Сорғы корпусынының қақпағындағы (15) 4 бұранданы T20 өлшемді Torx бұрауышымен босатыңыз.
  • Қақпақты (15), аралық қақпақты (18) және көру әйнегін (19) алып тастаңыз.
  • Жұмыс дөңгелегін (20) және тығыздауыш сақинаны (21) алып тастаңыз.
  • Қажет болса, сорғы корпусын тазалаңыз.
  • Жаңа жұмыс дөңгелегін (20) және жаңа тығыздауыш сақинаны (21) орнатыңыз.
    Тек Bosch компаниясы осы сорғыға арнаған бөлшектерді пайдаланыңыз.
  • Әсіресе тығыздауыш сақинаның (21) тығыздауыш ойығында дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  • Көру әйнегін (19), аралық қақпақты (18) және қақпақты (15) сорғы корпусына орнатыңыз.
  • Қақпақты (15) 4 бұрандамен бірге қайта бұрап орнатыңыз. Бұрандаларды мықтап қатайтыңыз.

Сорғыны сақтау

Сорғыны ұзақ уақытқа сақтауға қою алдында жұмыс дөңгелегін және сорғы корпусын тазалауға кеңес беріледі.

Жұмыс дөңгелегін бөлшектеу және орнату үшін жұмыс дөңгелегін алмастыру процедурасында сипатталғандай әрекет етіңіз.