Шамдарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Аккумулятормен немесе электр құралмен бірге берілетін бүкіл ескертулерді және нұсқаулықтарды оқып шығыңыз және орындаңыз.
- Шамды ұқыпты пайдаланыңыз. Шам өрт және жарылыс қаупін арттыратын қатты жылу шығарады.
- Шаммен жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз.
- Шам автоматты түрде өшкеннен кейін, ажыратқышты қайтадан баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін. Шамды қайта қоспас бұрын аккумулятордың зарядталғанына және шамның суығанына көз жеткізіңіз.
- Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
- Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер жарық көзі ақаулы болса, шамды толықтай алмастыру керек.
- Шаммен кез келген жұмыстарды (мысалы, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ шамды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
- Шамды жол қозғалысы кезінде пайдаланбаңыз. Шамды жол қозғалысында жарықтандыру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Шамның және барлық жанып тұрған беттер мен заттар арасындағы минималды аралықты сақтаңыз. Аралық жеткіліксіз болса, жанып тұрған заттар қызып кетуі мүмкін.
- Шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызып кетеді және ол әбден қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
| НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін. |
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Пайдаланылмайтын шамдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Шаммен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған адамдарға оны пайдалануға рұқсат бермеңіз. Шам тәжірибесіз адамдардың қолында қауіпті болады.
