Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
- Аспапты төменге қоюдан алдын кескіш тоқтауын күтіңіз. Шығып тұрған айналып тұрған кескіш бетке тиіп басқылау жоғалтуына және қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Тоқ кабелін тиіп кету мүмкіндігі себебінен кесу құрылғысын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
- Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
- Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз. Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
- Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
-
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
- Жонғымен жұмыс істегенде табандығының дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі мүмкін.
- Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.