Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 35 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 230 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 36 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангын (керекөжарақ) үрлеу құбырына (3) тікелей электр құралының үрлеу келте құбырларына (4) қосыңыз.
Нұсқау: Үрлеу құбыры (3) антистатикалық материалдан жасалған. Антистатикалық сору шлангін (жабдық) қосымша пайдалансаңыз, ажарлау кезінде құрылғыда кейде пайда болатын электростатикалық зарядтанудың алдын аласыз.
Шаңсорусыз жұмыс істегенде (мысалы, жылтыратуда) сору құбырын (3) алып тастауға болады. Ол үшін босату түймешесін (15) басып үрлеу құбырын (3) арқаға электр құралынан тартып алыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.