Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі (6) төмендегі мақсаттар үшін қолданылады:
- шаңсорғыштың күйін көрсету
- таратқыш модульмен GCT … (39) байланыс орнату
Күй панелі | Автоматты түрде іске қосу функциясының индикаторыA) | Ауа ағыны дабылының индикаторы | Мағынасы |
|---|---|---|---|
жасыл | − | − | Шаңсорғыш қосылған және пайдалануға дайын. |
жасыл | жасыл | − | Шаңсорғыш пайдалануға дайын және таратқыш модульге қосылған. |
сары | − | − | Аккумулятор заряды таусылған дерлік |
сары | сары | − | Таратқыш модуль табылған жоқ |
сары | − | Сары түспен жыпылықтайды | Ауа ағыны дабылы |
қызыл | − | − | Аккумулятор заряды таусылған, қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды немесе шаңсорғышқа/аккумуляторға арналған температура дабылы |
көк түспен баяу жыпылықтайды | көк түспен баяу жыпылықтайды | − | Автоматты түрде іске қосу функциясы іске қосылғаннан кейін, таратқыш модульмен байланыс автоматты түрде қалпына келеді. |
көк түспен жылдам жыпылықтайды | 1× көк түспен жыпылықтайды | − | Таратқыш модульмен байланыс табылып, орнатылады. |
көк түспен жанып тұр (2 с) | көк түспен жанып тұр (2 с) | − | Таратқыш модульмен байланыс сәтті орнатылды |
4× көк түспен жыпылықтайды (аралығы 1,5 с) | − | − | Бастапқы күйге қайтару орындалады. |
- A)
Автоматты түрде іске қосу функциясының индикаторы (4) ажыратқыш (14)
позициясында болса ғана жанады.
Автоматты түрде іске қосу функциясын пайдалана алу үшін сорғыш Bluetooth® арқылы таратқыш модулімен GCT … (39) байланысуы керек.
Сорғыш пен таратқыш модуль жақын болуы тиіс.
Сорғыштың ажыратқышы (14)
күйіне бұралса, сорғыш автоматты түрде таратқыш модулін GCT … іздеуді бастайды. Күй жолы (2) мен автоматты іске қосу функциясының индикаторы (4) баяу қарқында көк түспен жыпылықтайды.
Белгілі таратқыш модульге қайта қосылу:
Сорғыш таратқыш модульге GCT … қосылса және осы таратқыш модуль пайдалануға дайын және қолжетімділік аймағында болса, осы таратқыш модульмен байланыс автоматты түрде қалпына келтіріледі.
Байланысты қайта орнату (алғаш рет қосылу немесе басқа таратқыш модульге қосылу):
- Сорғыштағы Pairing (5) түймесін күй жолы (2) жылдам қарқында көк түспен жыпылықтағанға дейін басып тұрыңыз.
- Таратқыш модульдегі (39) іске қосу/тоқтату түймесін (41) таратқыш модульдегі күй индикаторы (40) 2 рет көк түспен жыпылықтағанша уақтылы басыңыз.
Байланысты сәтті орнату:
- Күй жолы (2) мен сорғыштағы автоматты іске қосу функциясының индикаторы (4) жасыл түспен жанады.
- Таратқыш модульдегі (40) күй индикаторы 1 рет жасыл түспен жыпылықтайды.
Байланысты орнату мүмкін емес (бірнеше минуттан кейін):
- Күй жолы (2) мен сорғыштағы автоматты түрде іске қосу функциясының индикаторы (4) сары түспен жанады.
- Таратқыш модульдегі күй индикаторы (40) қызыл түспен жанады.
Сорғышты өшіру барысында таратқыш модульмен GCT … байланыс сақталады. Қайта қосылу процесінен кейін сорғыш бірдей таратқыш модульге байланысты қайта автоматты түрде орнатуға тырысады.


