Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз. Сәйкес сорғыш құрылғы денсаулыққа қауіпті шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 35 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 230 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 36 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Сору адаптерін (23), шланг жалғағышын алға немесе артқа қаратып, орнатуға болады.
Көшіру гильзасының адаптері (34) енгізілген жағдайда, сору адаптері (23) құлыптан босату иінтірегіне (36) тимеуі үшін, көшіру гильзасының адаптерін 180° шамасына бұрап монтаждау қажет болуы мүмкін.
Сору адаптерін (23) 2 домалатпа бұрандамен (24) тірек тақтасына (5) бекітіңіз.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (23) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Сору адаптерін (26), шланг жалғағышын алға немесе артқа қаратып, орнатуға болады.
Көшіру гильзасының адаптері (34) енгізілген жағдайда, сору адаптерін (26) 2 домалатпа бұрандамен (24) тірек тақтасына (5) бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерінсіз (34) жұмыс істеген жағдайда, аралық сақинаны (27) сору адаптеріне (26), суретте көрсетілгендей, алдын ала монтаждаңыз.
Сорғыш шлангіні (диаметрі 35 мм) (25) (керек-жарақ) орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (25) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.