Пайдаланушы интерфейсін басқару
Пайдаланушы интерфейсі | Сипаттама | Нұсқау |
|---|---|---|
| SPEED жұмыс режимі (айналу жиілігі) SPEED жұмыс режимінде айналу жиілігін 5 деңгей бойынша алдын ала таңдауға болады. Орнатылған деңгей күй индикаторында көрсетіледі. Алдын ала 5-деңгей орнатылған. Айналу жиілігін жұмыс барысында да таңдауға болады. | Функцияны қосу үшін SPEED түймесін (12) басыңыз. SPEED түймесі (12) және күй индикаторы (21) жанады. SPEED түймесін (12), қалаулы деңгей көрсетілгенше баса беріңіз. |
| TIME жұмыс режимі (Shut off after time) TIME жұмыс режимінде электр құралы алдын ала таңдалған уақыт аралығынан кейін тоқтап қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы беттің зақымдалуына немесе бұрандалардың тым қатты тартылуына жол бермейді. Қатты тірекпен (шұғыл сипат қисық сызығы) пайдаланған жағдайда, деңгейлердің көмегімен қалаулы нәтижеге дейін дәлдеп реттеу жүзеге асырылуы мүмкін: қысқа уақыт аралығы мен төмен айналу моменті үшін 1-деңгейден бастап ұзақ уақыт аралығы мен жоғары айналу жиілігі үшін 5-деңгейге дейін. Нұсқау: бұл жұмыс режимі тек оңға айналу күйінде белсенді. | Функцияны қосу үшін TIME түймесін (17) басыңыз. TIME түймесі (17) және күй индикаторы (21) жанады. TIME түймесін (17), қалаулы деңгей көрсетілгенше баса беріңіз. TIME түймесін (17), ол сөнгенше басып тұрыңыз. Функция өшіп қалады. |
| SSR жұмыс режимі (Secure Socket Release) SSR жұмыс режимі пайдалану сеансының соңында қысқа кері соққы арқылы алмалы-салмалы аспаптың бұрандаға немесе гайкаға салынуына және құрал бекіткішінен босап қалуына жол бермейді. SSR жұмыс режимін TIME, ABR және STOP режимдерімен бірге пайдалануға болады. Таңдалған жұмыс режимдерінің әсері де, SSR қосымша функциясының әсері де қолданылады. Нұсқау: егер SSR жұмыс режимі алғаш рет қосылса, TIME және ABR бір уақытта іске қосылады. Егер SSR жұмыс режимі өшірілсе, басқа жұмыс режимдері іске қосылған күйде қалады. | TIME (17), ABR (19) немесе STOP (20) жұмыс режимдерінің бірін және қажетті деңгейді таңдаңыз. Функцияны қосымша іске қосу үшін SSR түймесін (18) басыңыз. Таңдалған TIME (17), ABR (19) немесе STOP (20) жұмыс режимінің түймесі және SSR түймесі (18) мен күй индикаторы (21) жанады. SSR түймесін (18), ол сөнгенше басып тұрыңыз. SSR функциясы енді өшіп қалады. Алдында таңдалған TIME (17), ABR (19) немесе STOP (20) жұмыс режимі әрі қарай қосылып тұрады. |
| ABR жұмыс режимі (Auto Bolt Release) ABR жұмыс режимі гайкаларды босату үшін қолданылады: бұрауыш босатылған кезде, электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы, бұранда оймасы босаған кезде, бұранда гайкасын түсіп кетуден сақтайды. Ирек ойма ұзындығына байланысты автоматты түрде өшіруге дейінгі уақытты 5 деңгей бойынша реттеуге болады: 1-деңгей қысқа ирек оймаларға арналған (ерте тоқтату), 5-деңгей ұзын ирек оймаларға арналған (кеш тоқтату). Алдын ала 1-деңгей орнатылған. Нұсқау:ABR жұмыс режимі тек солға айналу күйінде белсенді болады және сондықтан оны оңға айналу күйіндегі жұмыс режиміне қоса іске қосуға болады. | Функцияны қосу үшін ABR түймесін (19) басыңыз. ABR түймесі (19) және күй индикаторы (21) жанады. ABR түймесін (19), қалаулы деңгей көрсетілгенше баса беріңіз. ABR түймесін (19), ол сөнгенше басып тұрыңыз. Функция өшіп қалады. |
| STOP жұмыс режимі (Auto STOP) STOP жұмыс режимінде, бұранда бастиегі дайындамаға тиген жағдайда, электр құралы тоқтап қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы беттің зақымдалуына немесе бұрандалардың тым қатты тартылуына жол бермейді. Серіппелі немесе жұмсақ тірекпен жұмыс істеген жағдайда, деңгейлердің көмегімен қалаулы нәтижеге дейін дәлдеп реттеуді орындауға болады. Нұсқау: бұл жұмыс режимі тек оңға айналу күйінде белсенді. | Функцияны қосу үшін STOP түймесін (20) басыңыз. STOP түймесі (20) және күй индикаторы (21) жанады. STOP түймесін (20), қалаулы деңгей көрсетілгенше баса беріңіз. STOP түймесін (20), ол сөнгенше басып тұрыңыз. Функция өшіп қалады. |
| "Пайдаланушы интерфейсін құлыптау/құлыптан босату" функциясы "Пайдаланушы интерфейсін құлыптау/құлыптан босату" функциясының көмегімен пайдаланушы интерфейсінің түймелерін құлыптау арқылы кенет басылудың алдын алуға болады. | Пайдаланушы интерфейсін құлыптау үшін TIME түймесін (17) және ABR түймесін (19) 3 секунд бірге басып тұрыңыз. Пайдаланушы интерфейсінің құлппын ашу үшін TIME түймесін (17) және ABR түймесін (19) қайтадан 3 секунд бірге басып тұрыңыз. |
| "Әдепкі реттеулерге қайтару" функциясы "Әдепкі реттеулерге қайтару" функциясының көмегімен орындалған барлық реттеулерді бастапқы күйге қайтаруға болады. | Пайдаланушы интерфейсін әдепкі реттеулерге қайтару үшін TIME түймесін (17), SSR түймесін (18) және ABR түймесін (19) 4 секунд бірге басып тұрыңыз. |




