Қатты немесе икемді орнату
- Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (h суретін қараңыз)
- Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен жұмыс аймағында бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (8) пайдаланылады.
Bosch жұмыс үстеліне орнату (i суретін қараңыз)
Bosch компаниясының жұмыс үстелдері (мысалы, GTA 560) жиналмалы құрылымның арқасында оңай тасымалданады және жылдам жиналады. Электр құралын құралсыз монтаждауға болады.
- Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы мүмкін.
- Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады.
- Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне орнатыңыз.