Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Тазалау

Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және жоңқаны кетіріңіз.

Шуылды төмендетуге арналған шаралар

Өндіруші шаралары:

  • Жұмысты бірқалыпты бастау
  • Шуылды төмендету үшін арнайы құрастырылған ара дискісімен жеткізу

Пайдаланушы шаралары:

  • Тұрақты жұмыс аймағында дірілсіз орнату
  • Шуылды төмендету функциялары бар ара дискілерін пайдалану
  • Ара дискісі мен электр құралын жүйелі түрде тазалау