Желдеткішті ілу
Нұсқау: желдеткішті ілген кезде оның жұмысына ешнәрсе кедергі келтірмеуін қамтамасыз етіңіз.
Ілгекке ілу (C суретін қараңыз)
- Ілгекті (3) алға қайырыңыз.
- Желдеткішті тұрақты орынға іліңіз (макс. диаметрі 32 мм).
Монтаждық саңылауларға ілу (D суретін қараңыз)
- Екі бұранданы (бұранда бастиегінің диаметрі 4 – 6 мм) қабырғаға 98,5 мм арақашықтықта бұрап кіргізіңіз.
- Монтаждық саңылаулардың (8) ортаңғы бөліктерін бұранда бастиектерінің үстіне орналастырыңыз.
- Желдеткішті, бұрандалар монтаждық саңылаулардың (8) тар бөліктерінде орналасқанша және желдеткіш бекітілгенше, төмен қарай жылжыта беріңіз.