Шаңды және жоңқаларды сору

Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.

Сорғышқа қойылатын талаптар

Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі

мм

28

Қажетті төменгі қысымA)

мбар
гПа

≥ 140
≥ 140

Қажетті ағын мөлшеріA)

л/с
м³/сағ

≥ 23
≥ 82,8

Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті

M шаң класыB)

A)

Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні

B)

IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша

Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.

Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.

  • Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
  • Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
  • Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.

Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш қапты (43) пайдаланыңыз.

  • Шаң жинағыш қапты (43) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (36) салыңыз.

Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы бөліктеріне тимеуі тиіс.

Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.

  • Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін тексеріп тазалаңыз.
  • Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.

Шаң сору үшін сору адаптеріне (42) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) жалғауға болады.

  • Сору адаптерін (42), ол жоңқаны шығаруға арналған келте құбырдың (36) ұстағыш сақинасына тірелгенше, жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға бұрап кіргізіңіз.
  • Шаңсорғыш шлангісін сору адаптерімен (42) (Click&Clean жалғағышы) байланыстырыңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (42) жүйелі түрде тазалап тұру керек.

  • Сорғыш адаптерді (42) бұрап жоңқа шығатын жерден (36) шығарыңыз.
  • Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып қойыңыз.
  • Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында тірелгенше бұрап басыңыз.